Categories Жайық news

БҚО-да 151 жас отбасы жеңілдетілген ипотекаға ие болды

Сурет: БҚО Әкімдігі

Батыс Қазақстан облысында жұмысшы жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі үнемі назарда. 2024 жылы іске қосылған «ЖАЙЫҚ ЖАСТАРЫ» жеңілдетілген ипотекалық өңірлік бағдарламасы аясында 151 жас отбасы 2,5 млрд теңге көлемінде 5% мөлшерлемемен несие алды. Бұл жастарға өз отбасын тұрғызуға және әлеуметтік тұрақтылықты арттыруға мүмкіндік береді.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев атап өткендей, өңірде еңбек адамын қолдау – басты басымдықтардың бірі. «Атадан балаға жалғасып келе жатқан жұмысшы әулеттері кәсіби дәстүрді қазіргі заман талабына сай өркендетуде. Бұл – ұрпақ сабақтастығы мен еңбекке адалдықтың, кәсіпке құрметтің айқын көрінісі. Жұмысшы мамандар өз еңбегінің лайықты марапаттарын да алуда», – деді ол.

Соның бір дәлелі ретінде, Сейтқалиев Тұрар Шамғонұлы 2025 жылдың 14 қарашасында Мемлекет басшысынан елімізде алғаш рет «Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері» атағын иеленді. Бұл марапат оның салаға сіңірген еңбегіне берілген жоғары баға болып отыр.

Бағдарлама жастарға тұрғын үй алу мүмкіндігін ғана беріп қоймай, өңірде әлеуметтік тұрақтылықты күшейтуді, кәсіби дәстүрлерді сақтау мен еңбекке құрметті насихаттауды қамтамасыз етеді.

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…