Categories Саясат

АҚШ Нигерияға әскер енгізуі мүмкін — Трамп қатаң ескерту жасады

Ақ үй басшысы Дональд Трамп Нигерия билігіне христиандарға қарсы қырғынды тоқтатпаса, АҚШ әскери қимылдарға баруы мүмкін екенін мәлімдеді. Ол Нигерияны «ерекше алаңдаушылық тудырған ел» деп атап, бұл мемлекетке берілетін көмек тоқтатылуы ықтимал екенін айтты.

Бұған дейін Қорғаныс министрі Пит Хегсет те Нигерия үкіметін ескертіп, елдегі діни қақтығыстарды тежеу үшін нақты шаралар қабылданбаса, АҚШ лаңкестікке қарсы күш қолданатынын хабарлаған.

Трамп Пентагонға Нигериядағы христиандарды қорғауға бағытталған әскери жоспар дайындауды тапсырғаны да белгілі болды.

Ал Нигерия үкіметі мұндай айыптауларды жоққа шығарып, елде жаппай қырғын жоқ екенін және АҚШ-пен ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін мәлімдеді.

Ұқсас жазбалар

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…

Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ! 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.…

Көктемгі шақыру қорытындысы: Қазақстан әскері 21 мыңнан астам азаматпен толықты

Көктемгі шақыру науқаны аясында Қазақстанның Қарулы күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына 18 бен…