Ақтөбелік жас футболшы көз жұмды 

«Ақтөбе» футбол клубы 15 жастағы ойыншысы Арон Мұсаның қайтыс болғанын хабарлады. Ол «Ақтөбе U-16» командасында қорғаушы болып ойнаған.

Клубтың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, қаза Аронның отбасына үлкен қайғы әкелді – футболшымен бірге әжесі мен немере ағасы да өмірден озған.

«Мұса әулетіне қайғыра көңіл айтамыз. Арон – команда үшін әрдайым үлгі болған, болашағынан үміт күттірген ойыншы еді», – делінген ресми хабарламада.

Жас таланттың қазасы спорт қауымдастығы мен жанкүйерлерді терең қайғыға салды.

сурет: орда.кз

Ұқсас жазбалар

АҚШ-та әуе шоуында екі жойғыш ұшақ соқтығысып кетті

АҚШ-тың Айдахо штатындағы әуе шоуында екі жойғыш ұшақ соқтығысып, құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Қазақстанда 18 мамырда ауа райы қалай болады: ыстық пен жаңбыр күтіледі

18 мамырда Қазақстанда ауа райы құбылмалы: оңтүстікте ыстық, солтүстікте жаңбыр күтіледі. Батыс Қазақстанда ауа температурасы…

Бірнеше өңірде ауа райы күрт нашарлайды: ТЖМ ескерту жасады

Қазақстанның бірнеше аймағында ауа райы күрт нашарлайды. ТЖМ тұрғындарды сақтық шараларын күшейтуге шақырып, ресми хабарламаларды…