Categories Саясат

Песков: «Зеленский Қазақстанды атады, бірақ Путин Мәскеуде күтеді»

Сурет: ашық дереккөз

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украина басшысы Владимир Зеленскийдің Владимир Путинмен Қазақстанда кездесу өткізу туралы ұсынысына пікір білдірді.

Песковтың айтуынша, Украина тарапы көптеген елдерді атаған, бірақ олардың көпшілігі Ресей үшін қолайсыз.

«Украиндар түрлі ұсыныстар жасады, көптеген елдердің атын атады. Алдымен Қазақстанды емес, біз үшін мүлде қолайсыз мемлекеттерді атаған», – деді ол 24 қыркүйекте Радио РБК-ға берген сұхбатында.

Песков Швейцария мен Австрияны мысалға алып, бұл елдердің енді Ресей үшін бейтарап емес екенін айтты.

«Путиннің сөзі айқын: кездескілеріңіз келсе, Мәскеуге келіңіздер. Біз барлық кепілдікті береміз», – деді ол.

Ұқсас жазбалар

Өзбекстанда жасанды интеллект 2 мыңнан астам шенеунікті жұмыссыз қалдырмақ

Өзбекстанда жасанды интеллект 2 мыңнан астам шенеунікті жұмыссыз қалдырмақ,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз. Өзбекстанда мемлекеттік басқару жүйесін…

Конкурс на название АЭС набирает обороты — почти 10 тысяч заявок за сутки

С 12:00 ч. 25 сентября до 12:00 ч. 26 сентября через приложение eGov Mobile поступило…

МНЭ вынесло на обсуждение списки для применения специальных налоговых режимов

Министерство национальной экономики РК представило проекты постановлений Правительства в рамках нового Налогового кодекса. На обсуждение…