Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путиннің соғысты жалғастыруды ғана көздейтінін мәлімдеді.Бқл туралы Zhaiyqmedia.kz шетел БАҚ-тарына сілтеп хабарлайды.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Украинаға қатысты жоғары деңгейдегі жиынында сөйлеген сөзінде Зеленский Путиннің шараға қатыспағанын атап өтті. Оның айтуынша, Ресей президенті әлем алдында бетпе-бет отырудан қорқып, келіссөздерден әдейі қашады.
«Бұл адам Украинамен де, әлеммен де ашық сөйлесуден қорқады. Өйткені оның мақсаты – тек соғыс», – деді Зеленский.