Categories Жайық news

БҚО-да 720 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

Батыс Қазақстан облысында 2022 жылдан бері пайдаланылмаған немесе заңсыз иеленген 720 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Облыстық әкімдіктің мәліметінше, соның ішінде 462 мың гектар қайта айналымға енгізіліп, ауыл шаруашылығымен айналысамын деген азаматтарға бөлініп берілген. Ал 258 мың гектар әзірге босалқы қорда қалып отыр. Жақын уақытта бұл жерлер де мақсатты айналымға шығарылмақ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында: «Жер – стратегиялық ресурс. Оның игілігі халықтың тұрмысын жақсартуға қызмет етуі тиіс. Әкімдер қайтарылған жердің бәрін келесі жылдың ортасына дейін айналымға енгізуі керек», – деп атап өткен еді.

Мамандардың айтуынша, ауыл шаруашылығын дамыту үшін жерді тиімді пайдалану басты шарт. Алайда тәжірибе көрсеткендей, кейбір азаматтар бірнеше учаскеге ие бола тұра, оларды мақсатсыз пайдаланып, ауыл шаруашылығы саласының дамуына кедергі келтіруде.

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…