Дәулет Мұқаев: Қазақстанда депутаттар саны өзге елдерге қарағанда аз

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев еліміздегі депутаттар саны халықаралық тәжірибемен салыстырғанда төмен екенін айтты. Оның пікірінше, парламенттегі халық қалаулыларының көп болуы қоғамдағы түйткілді мәселелердің жылдамырақ әрі тиімді шешілуіне мүмкіндік береді.

Депутаттың айтуынша, егер Президенттің ұсынысы бойынша Қазақстан бірпалаталы парламент жүйесіне көшетін болса, халық өкілдерінің саны артуы ықтимал.

> «Қазіргі таңда бізде депутаттар саны аз. Ал дамыған елдерде, мысалы, Еуропа мемлекеттерінде халық саны бізден аз болса да, парламент мүшелерінің қатары әлдеқайда көп. Бұл – заң шығару процесін күшейтетін фактор. Бірпалаталы парламентке көшу жағдайында депутаттар саны 140-қа дейін жетуі мүмкін», – деді Мұқаев.

Сонымен қатар ол халықтың мүддесін қорғау және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде кең өкілдіктің маңызды екенін атап өтті.

Ұқсас жазбалар

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…

Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ! 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.…

Астанада Конституция аллеясы салтанатты түрде ашылды

Астанада Конституция аллеясы пайдалануға берілді. Жаңа нысан Мәңгілік Ел даңғылы бойында, Президенттің Мемлекеттік архиві мен…