Categories Ақорда

Қазақстанда 329 мың адамның жалақысы 80 мың теңгеден төмен – Еңбек министрлігі

Мәжіліс отырысында ең төменгі жалақы алатын азаматтар санына қатысты деректер талқыланды. Депутат Гүлдара Нұрымова ресми статистика мен түрлі дереккөздер арасындағы айырмашылыққа назар аударды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми мәліметіне сәйкес, Қазақстанда 1 млн 109 мың адам ең төменгі жалақы немесе одан да аз табыс табады. Оның ішінде:

  • 790 мың азамат ең төменгі жалақы мөлшерінде (ЕТЖ) табыс алады;
  • 329 мың адамның айлығы 80 мың теңгеден де төмен.

Алайда басқа дереккөздерде бұл көрсеткіш анағұрлым жоғары көрсетілген. Мәселен, Amanat партиясының дерегі бойынша, ең төменгі жалақы алатындар саны 1,8 миллион адамға жетеді.

Министр Светлана Жақыпова бұл айырмашылыққа түсініктеме берді. Оның айтуынша, Еңбек министрлігінің деректері ең нақты саналады, себебі олар зейнетақы жарналары, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ), әлеуметтік және медициналық сақтандыру қорларының деректері негізінде есептеледі.

«Біздің дереккөздерге сену керек. Қазіргі таңда 1 млн 109 мың адам ең төменгі жалақы мен одан төмен жалақы алады. Олардың ішінде 329 мыңы – 80 мың теңгеден төмен табыс табатындар», – деді Жақыпова.

Мәжіліс депутаты бұл мәселенің өзектілігін атап өтіп, еңбек нарығындағы нақты ахуалды анықтау үшін деректердің барынша ашық әрі үйлестірілген болуы қажет екенін жеткізді.

Ұқсас жазбалар

Дәулет Мұқаев: Қазақстанда депутаттар саны өзге елдерге қарағанда аз

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев еліміздегі депутаттар саны халықаралық тәжірибемен салыстырғанда төмен екенін айтты. Оның пікірінше,…

Alatau City – Қазақстандағы алғашқы цифрлық қала болмақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке 10 күннің ішінде Алатау қаласына арнайы мәртебе беру туралы жарлық жобасын…

Тоқаев: «Толық емес отбасыларға берілген жеңілдік – ажырасуды көбейтті»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында әлеуметтік саладағы қателіктерді сынға алды. Оның айтуынша, кезінде қабылданған кейбір…