Үйдегі тәрбие – мектептегі мінездің айнасы

Соңғы жылдары білім ошақтарында тәртіп мәселесі өткір күйде талқыланып келеді. Оқушының мұғалімге дауыс көтеруі, сыныптастарымен ерегісуі, тіпті мектеп мүлкін қиратып, әлеуметтік желіге түсіріп мақтан етуі қалыпты құбылысқа айналып барады. Бұрынғыдай ұстаздың сөзін заң санаған ұрпақ жоқтың қасы. Бұл құбылыстың себебі неде?

Қазақ «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді. Алайда қазір көп ата-ана баласының қылығына көз жұма қарайды. «Балам әлі жас», «Өздігінен түзелер» деп жүріп, шектен шыққан мінезіне кеш мән береді. Бетінен қақпай, еркелетудің соңы ерке емес, өзімшіл, бетпақ ұрпақтың қалыптасуына жол ашты.

Кейбір ата-ана баласының «қателігін» мойындаудың орнына, мұғалімді кінәлап, мектепке келіп дау шығарады. Бұл оқушыға «маған бәрі рұқсат» деген сигнал береді. Нәтижесінде ұстаздың абыройы түсіп, тәртіптің құны арзандайды.

Дегенмен, бар кінәні ата-анаға артып қою да біржақты пікір. Бүгінгі жас смартфонмен бірге есейді. TikTok, YouTube, ойын платформалары бала санасын жаулап алды. Виртуалды әлемде дөрекілік, әдепсіздік, агрессия көрген жеткіншек оны шынайы өмірде қайталаудан жасқанбайды.

Мектептегі тәрбие жұмысы да заманауи өзгерістерге ілесе алмай отыр. Сабақтан тыс уақытта оқушыны қызықтыра алатын мәдени, спорттық шаралар аз. Бос уақытын телефонға жұтқызып алған бала қайдан әдепті болсын?

Мұғалімнің сөзі өтпейді деген түсінік қалыптасып отыр. Бұрын тәртіп бұзған оқушыға шара қолдануға болатын, қазір педагогикалық этика, құқық қорғау нормалары ұстазды шектейді. Ал ата-ананың қолдауынсыз мұғалімнің ықпалы әлсіз…

Ораз Бердалы ( журналист)

Ұқсас жазбалар

Жарты жылда Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты білім беру ұйымдарының білім алушылары 1200-ден астам жүлделі орын иеленді

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты білім беру ұйымдарының білім…

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…

Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ! 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.…