Байқоныс ауылында жаңа «Келешек мектебі» ашылды

2 қыркүйек – Білім күні қарсаңында Байқоныс ауылында «Қадыр Мырза Әлі атындағы жалпы орта білім беретін қазақ мектептің» жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Бұл жоба Мемлекет басшысының апатты және үш ауысымды мектептерді азайту тапсырмасы аясында іске асты. Ашылу салтанатында құттықтау сөзді БҚО әкімі Нариман Төреғалиұлы арнап, бұл жобаның маңыздылығын атап өтті.
Мектеп заманауи білім беру талаптарына толықтай сай:
• STEM, робототехника, визуалды дизайн, хореография кабинеттері
• Ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған сенсорлық және инклюзивті кабинеттер
• Кең, жарық оқу бөлмелері, спорт және акт залдары
Ардагер ұстаз Таубай Қуаныш Ғиниятұлы да сөз алып, ауыл үшін бұл оқиғаның тарихи сәт екенін жеткізді.
Мектеп кілті «Antarium Group» ЖШС бас директоры Ерлан Атажан тарапынан табысталды.
Салтанатты лента қию құрметіне облыс әкімі мен ардагер ұстаз қатысты.
БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас жазбалар

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…

Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ! 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.…

Терроризмге қарсы қорғау талаптарын бұзған 263 басшы жауапкершілікке тартылды

Ішкі істер министрлігі биылғы жылдың 5 айында терроризм тұрғысынан осал 2 665 нысанды тексерген. Тексерілген…