Нариман Төреғалиев жұмыс сапарымен Бәйтерек ауданына барды

Алдымен облыс әкімі «Everest Trade Company» ЖШС-ның асфальт-бетон зауытында болды. Бетон және темірбетон бұйымдарын шығарып, асфальт өндіретін бұл кәсіпорында бүгінде 50-ге жуық адам жұмыспен қамтылған. Өңірдің жол-көлік инфрақұрылымын дамытуда зауыттың үлесі зор екендігі атап өтілді.

Одан әрі Нариман Төреғалиев «ЖИДЕНКО М.А.» ЖК-нің «SCANIA CENTER» сервистік орталығының» жұмысымен танысты. Самара–Шымкент халықаралық тас жолының бойында орналасқан бұл нысан жүк көліктеріне қосалқы бөлшектер сатумен қатар, сервистік қызмет көрсетеді. Аталған орталықтың ашылуы жүк тасымалы саласында қызмет сапасын арттырып, кәсіпкерлерге қолдау болуда.

Сапар барысында облыс әкімі «Жаңа Әлем» шаруа қожалығына да ат басын бұрды. Қожалық бүгінде көкөніс өнімдерін жинау науқанын жүргізіп жатыр. 2025 жылы шаруашылық 69 гектар жерге егін еккен. Оның ішінде: пияз – 48 га, сәбіз – 11 га, қызылша – 5 га, қырыққабат – 5 га.

Көкөніс өнімдері аудан тұрғындарын ғана емес, облыс нарығын да қамтамасыз етуге бағытталған. Әкім шаруашылық еңбегін жоғары бағалап, агробизнес саласын әртараптандырудың және ауыл еңбеккерлеріне қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті.

Жұмыс сапарының соңында облыс әкімі Нариман Төреғалиев Махамбет ауылының тұрғындарымен кездесті. Есептік кездесуде Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов аудан көлемінде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде кеңінен баяндады.

Өз сөзінде Нариман Төреғалиев облыс көлемінде жүзеге асырылып жатқан негізгі әлеуметтік-экономикалық жобаларға тоқталып, Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында өңір инфрақұрылымын жаңғырту, жолдарды жөндеу, ауыз су және газбен қамту, денсаулық сақтау мен білім беру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары да сөз алып, өздерін толғандырған мәселелерін көтерді. Әсіресе ауылішілік жолдарды жөндеу, жұмыспен қамтамасыз ету, ағын суды тоқтатуға шлюз салу жөнінде, т.б. ұсыныстар айтылды.

Әкім тұрғындардың сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, айтылған ұсыныстардың назарға алынатынын жеткізді.

Ұқсас жазбалар

Түркістан облысында әкесін қорлады деген күдікке ілінген ер адам қамауға алынды

Түркістан облысында әкесін қорлады деген күдікке ілінген ер адам қамауға алынды,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз. Түркістан облысының…

Трамп: АҚШ ХАМАС-пен кепілдегілер бойынша келіссөз жүргізіп жатыр

АҚШ ХАМАС-пен кепілдегілер бойынша келіссөз жүргізіп жатыр,-деп жазады Жайықмедиа.кз. АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонның ХАМАС…

Жапония премьер-министрі қызметінен кетуге дайын

Жапония премьер-министрі қызметінен кетуге дайын,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз. Жапония премьер-министрі Сигэру Исиба отставкаға кету туралы шешім…