Categories Қаржы

Қытайда шығарылған Toyota Corolla Қазақстан нарығына келді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстанда жоғары сұранысқа ие Toyota маркасының Қытайда құрастырылған Corolla 1.8 Hybrid моделі сатылымға шықты. Жаңартылған көлік сыртқы келбетімен қатар техникалық сипаттамалары бойынша да өзгерістерге ұшыраған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қытай нарығына арналған бұл модельді FAW-Toyota бірлескен кәсіпорны шығарады. Седан E210 платформасында жасалған. Сатып алушыларға екі нұсқа ұсынылады: 2,0 литрлік бензинді қозғалтқыш және 1,8 литрлік гибридті (1.8 Hybrid) нұсқа.

Қазақстанға дәл осы 1.8 Hybrid моделі жеткізіліп жатыр. Ол 98 ат күшіне ие бензин қозғалтқышы мен электрмотордан тұрады. Жалпы қуаты 140 ат күшіне жетеді. Автокөлік 0-ден 100 км/сағ жылдамдыққа 9,2 секундта үдейді. Қалалық циклдегі орташа жанармай шығыны 100 шақырымға 3,5–4,1 литрді құрайды.

Көліктің сатып алушы үшін бастапқы бағасы шамамен 12 млн теңгені құрайды. Бұл сомаға ел ішіндегі жеткізу және құжаттарды рәсімдеу шығындары кірмейді.

Ұқсас жазбалар

Ормұз бұғазындағы қауіп мұнай бағасын көтерді

Мұнай бағасы қайта өсе бастады. Бұған Ормұз бұғазындағы кеме қатынасына төнген жаңа қауіптер себеп болды.

Транскаспий бағытында жүк тасымалы 3,5 есе өсті: 2029 жылға қарай 300 мың ЖФБ-ға жеткізу жоспарлануда

Соңғы бес жылда Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы жүк тасымалы 3,5 есе өсті. 2029 жылға…

Қазақстанда темекі бағасы тағы қымбаттауы мүмкін

Қаржы министрлігі темекінің ең төменгі бағасын көтеру жобасын талқылауға ұсынды. Қазір бір қорап темекі 970…