Сурет: Egemen Qazaqstan
Аргентина құрамасы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Египетті 3:2 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
АҚШ-тың Атланта қаласында өткен матчта оңтүстікамерикалық команда 0:2 есебімен жеңіліп жатқан күйі керемет камбэк жасап, жеңіске жетті. Египет сапынан алғашқы голды ойынның 15-минутында Хессем Хассан, ал 67-минутта Мостафа Зико соқты. Аргентинадан Кристиан Ромеро, Лионель Месси және Энцо Фернандес гол кіргізді.
Матчтың 21-минутында Аргентина капитаны Лионель Месси пенальтиді мүлт жіберді. Осылайша ол әлем чемпионаттары тарихында бір турнирде екі пенальтиді голға айналдыра алмаған алғашқы футболшы атанды. Алайда Месси бұл матчта гол соғып, 2026 жылғы әлем чемпионатындағы гол санын сегізге жеткізіп, Килиан Мбаппе мен Эрлинг Холандты (екеуі де 7 гол) басып озды. Сондай-ақ ол әлем чемпионаттарындағы финалдық кезеңдердегі 21-голын кіргізіп, жеке рекордын жаңартты.
Енді Аргентина ширек финалда Швейцария мен Колумбия арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі.

