Бішкекте ұшақ апаты: «Манас» әуежайындағы барлық рейс уақытша тоқтатылды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қырғызстанның Бішкек қаласындағы «Манас» халықаралық әуежайында Tez Jet әуе компаниясының ұшағы қону кезінде артқы шассилерінің бірі сынып, әуе кемесі сол жақ қанатына қисайып қалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Салдарынан жолаушылар шұғыл түрде эвакуацияланды. Кейбірі жеңіл жарақат алып, денелері сырылып, соғылған. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

«Қырғызстан әуежайлары» АҚ мәліметінше, оқиғаға байланысты «Манас» әуежайындағы барлық рейс уақытша тоқтатылды. Оқиға орнында өрт сөндіру қызметтері жұмыс істеуде.

Әуежай жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00-ге дейін жабылды. Соның салдарынан 14 рейс кейінге шегерілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, апат кезінде авиациялық керосин төгілген. Мамандар төгілген отынды тазалап, ұшақты ұшу-қону жолағынан эвакуациялағанға дейін әуежай ұшақтарды қабылдап, жөнелте алмайды.

«Қырғызстан әуежайлары» АҚ-ның хабарлауынша, ұшақ бортында 181 жолаушы болған. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Ұқсас жазбалар

Астанада Сығанақ көшесінде жеңіл автокөлік өртенді

Астананың Нұра ауданында Сығанақ көшесінде жеңіл автокөлік өртеніп, құтқарушылар өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, себебі…

Берік Асылов Қазақстанның Бас Прокуроры болып қайта тағайындалды

Берік Асылов Қазақстанның Бас Прокуроры болып қайта тағайындалды. Ол бұл қызметті 2022 жылдың наурыз айынан…

Үлкен Алматы көліндегі кептеліс: туристер Қазақстанды неге таңдайды

Үлкен Алматы көліне апаратын жолдағы көлік кептелісі түсірілген видео Қазақстандағы ішкі туризмге қызығушылықтың қарқынды артып…