Сурет: sportilinet.kz
Бүгін әлем чемпионатының 1/8 финалында соңғы екі кездесу өтеді. Осы ойындардан кейін ширек финалдың соңғы жұптары белгілі болады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Алғашқы матчта Аргентина құрамасы Мысырмен кездеседі. Ойын Қазақстан уақытымен сағат 21:00-де басталады. Аргентина 1/16 финалда Кабо-Вердемен тартысты өткізіп, қосымша уақытта ғана жеңіске жетті. Ал Египет Аустралияны пенальти сериясында ұтып, келесі кезеңге өтті. Бұл ойын Лионель Мессиге үздік сұрмерген атағын сақтап қалуға мүмкіндік береді. Аргентиналық шабуылшы қатысқан алты әлем біріншілігінде 20 гол соғып көш бастап келеді, ал Килиан Мбаппенің қоржынында 19 гол бар.
8 шілдеге қараған түні сағат 01:00-де Швейцария мен Колумбия құрамалары кездеседі. Швейцария плей-оффтың алғашқы кезеңінде Алжирді 2:0 есебімен жеңсе, Колумбия Гананы 1:0 есебімен ұтып, 1/8 финалға жолдама алды. Швейцария сапында қақпашы Грегор Кобель мен жартылай қорғаушы Жоан Манзамбиге үміт артылса, Колумбия Луис Диас пен Хамес Родригеске сенім білдіріп отыр.
Бұған дейін Испания, Бельгия, Франция, Марокко, Англия және Норвегия құрамалары 1/4 финалға жолдама алған. Бүгінгі ойындарда жеңген екі команда ширек финалдың соңғы жұбын құрамақ.

