Categories Спорт

Роналдудың бұрынғы бапкері Португалия құрамасын жаттықтыруы мүмкін

Сурет: sport24.ru

Португалия футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері лауазымына тәжірибелі маман Жорже Жезушті тағайындауды жоспарлап отыр. Команда әлем чемпионатынан оралған соң тараптар келісімшарт шарттарын талқылайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Португалиялық A Bola басылымының дерегінше, федерация президенті Педру Проэнса 71 жастағы Жорже Жезушке құраманы сеніп тапсырмақшы. Маман соңғы маусымда Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубын жаттықтырды. Қазір бұл клубта португалдық Криштиану Роналду мен Жоау Феликс ойнайды.

Келіссөздер сәтті өтсе, Жезуш Португалияны 2028 жылғы Еуропа чемпионатына дайындайтын бас бапкер болады. Бұған дейін құраманы жаттықтырған Роберто Мартинес әлем чемпионатында Испаниядан 1:0 есебімен ұтылған соң қызметінен кететінін мәлімдеген еді.

Ұқсас жазбалар

Роналду 2026 жылғы әлем чемпионаты ұлттық құрама сапындағы соңғы турнирі болатынын растады

Криштиану Роналду 2026 жылғы әлем чемпионаты ұлттық құрама сапындағы соңғы турнирі болатынын растады. Испанияға қарсы…

Александр Винокуровтың спорттық киімі Халықаралық Олимпиада музейіне табысталды

Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың спорттық киімі Лозаннадағы Халықаралық Олимпиада музейіне ресми түрде табысталды.

Испания қатарынан алты матчта гол жібермеген алғашқы команда атанды

Испания құрамасы әлем чемпионаты тарихында қатарынан алты матчта қақпасын құрғақ ұстаған алғашқы команда болды.