Categories Әлем

Тегеранда бұрынғы жоғарғы көшбасшыны ақтық сапарға шығарып салу шеруі өтті

Сурет: авторы: Серікбол Хасан

Бүгін Тегеран қаласында Иранның бұрынғы жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи мен оның қаза тапқан отбасы мүшелерін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі аяқталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін қоштасу рәсімі бірнеше күн бойы Мұсалла кешенінде өткен болатын. Ал бүгін ел астанасы Иранның түкпір-түкпірінен келген адамдарға лық толды. Миллиондаған адам Тегеранның Энғелаб (Төңкеріс) алаңынан бастап Азади (Бостандық) алаңына дейін жүріп өтті. Осылайша Иран халқы бұл шеруді әлемге ұлттық бірлік пен төзімділіктің көрінісі ретінде көрсетті.

Ауа райының ыстық болуына байланысты шеру кезінде халыққа су бүркіп, салқындауына жағдай жасалды. Сондай-ақ, шеруге шыққан жұртқа сусындар мен тағамдар таратылды. Сонымен қатар шеруге шыққандардың қауіпсіздігін қадағалау мақсатында сақтық шаралары да күшейтілді. Қала көшелеріне полициялар, арнайы және ерікті жасақтар қойылды.

Бүгін кеште Тегерандағы шеру толық аяқталып, көшелер ашылып, қала қайтадан қозғалысқа келе бастады. Ертеңнен бастап қоштасу рәсімі Құм, одан ары Мешхед қалаларында жалғасады. Ал марқұмның денесі Мешхедтегі Имам Риза кесенесі аумағында жерленеді.

Айта кетейік, Тегерандағы бүгінгі іс-шара соңғы жылдардағы ең ауқымды аза тұту шерулерінің бірі болды.

Ұқсас жазбалар

ФИФА Бельгияның Балогунға қатысты шағымын қабылдамады

ФИФА Бельгия футбол қауымдастығының АҚШ шабуылшысы Фоларин Балогунның әлем чемпионатының 1/8 финалындағы матчқа қатысуына қатысты…

Әзербайжандық 63 жастағы әйел алғаш рет ана атанды

63 жастағы Әзербайжан тұрғыны табиғи жолмен дені сау сәбиді дүниеге әкелді. Ол шамамен 38 жыл…

Астанаға 2025 жылы 1,6 миллион турист келген

2025 жылы Астанаға 1,6 миллион турист келген, оның 380 мыңнан астамы шетелдік. 2026 жылдың бірінші…