Categories Спорт

Әлем чемпионаты: Винисиус пен Холанд бір алаңда бақ сынаса, Мексика мен Англия мықтыны анықтайды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Бүгін, 5 шілдеден 6 шілдеге қараған түні футболдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіндегі 1/8 финал ойындары жалғасады. Алаңға Бразилия, Норвегия, Мексика және Англия құрамалары шығады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінгі ойындарда Бразилия Норвегиямен, ал Мексика Англиямен күш сынасады. Кездесулер Қазақстан уақытымен 01:00 және 05:00-де басталады. Матчтарды Qazsport телеарнасы мен оның ресми сайты тікелей эфирде көрсетеді.

Алғашқы кездесуде Бразилия мен Норвегия ойнайды. Екі команданың басты жұлдыздары – мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Винисиус Жуниор мен «Манчестер Ситидің» сұрмергені Эрлинг Холанд. Норвегия әлем чемпионатына төртінші рет қатысып отыр, ең үздік нәтижесі – 1938 және 1998 жылдары 1/8 финалға дейін жеткен. Ал Бразилия соңғы екі әлем чемпионатында (2018 және 2022) ширек финалда жарыстан шыққан.

Бразилия Норвегияны әлі бірде-бір рет жеңбеген. Командалар 1988 және 2006 жылдары 1:1 есебімен тең түскен. 1997 жылы өткен жолдастық кездесуде Норвегия 4:2 есебімен жеңіске жетсе, 1998 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде скандинавиялықтар Бразилияны 2:1 есебімен тағы ұтқан. Бразилия – Норвегия матчы 6 шілде күні Қазақстан уақытымен 01:00-де басталады.

Екінші жұпта Мексика Англияны жеңсе, латынамерикалық команда 1970 және 1986 жылдардағы жетістігін қайталап, ширек финалға жолдама алады. Англия құрамасы турнирдің шешуші кезеңдеріне дейін жиі жеткенімен, жүлделі орындарға іліге бермейді. Англия тарихында жалғыз рет, 1966 жылы әлем чемпионы атанған. Бұл матч ағылшын шабуылшысы Харри Кейн үшін маңызды: оның еншісінде бес гол бар, егер тағы екі рет мергендік танытса, турнирдің үздік сұрмергендері Лионель Месси мен Килиан Мбаппені қуып жетеді. Мексика – Англия кездесуі 6 шілде күні Қазақстан уақытымен 05:00-де басталады.

Ұқсас жазбалар

Франция мен Марокко әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Әлем чемпионатының ширек финалына шыққан алғашқы жұп белгілі болды. 1/8 финалдық кездесулердің нәтижесінде Франция мен…

Франция құрамасы Парагвайды жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Франция құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Парагвайды 1:0 есебімен жеңіп, келесі кезеңге…

Александр Бублик пен Анна Данилина «Уимблдонда» 1/8 финалға шықты

Қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Анна Данилина «Уимблдон-2026» турнирінде 1/8 финалға жолдама алды.