Сурет: canva.com
АҚШ-тағы автокөлік нарығы бес жылдан кейін екі миллион көлікке қысқаруы мүмкін. Сала сарапшыларының дерегінше, 2040 жылға қарай автокөлік сатылымы 14 миллион данадан төмендеуі ықтимал, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Мамандар бұл үрдісті туу көрсеткішінің төмендеуімен және жастардың өмір салтының өзгеруімен байланыстырады. Олар жүргізуші куәлігін алуға асықпай, такси қызметін жиі пайдаланады. Сонымен қатар, жаңа автокөліктердің қымбаттауы да қосымша қысым көрсетуде.
Соңғы 4 жылда автонесие бойынша ай сайынғы төлемдер шамамен 30 пайызға өскен. Сарапшылардың пікірінше, сұраныстың төмендеуі аясында автокөлік өндірушілері әрбір сатып алушы үшін бәсекеге түсуге мәжбүр болады.

