Мемлекет басшысы Ислам даму банкінің президентімен кездесті

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед Сулейман Әл-Джассермен кездесті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президент Ислам даму банкінің Қазақстанның ұлттық даму басымдықтарын қолдайтын сенімді серіктес екенін атап өтті. Бүгінге дейін банк елімізге 4,2 миллиард доллардан астам қаржы бөлген, ал ағымдағы және болашақ жобалар портфелі 3 миллиард доллардан асады.

Мемлекет басшысы су инфрақұрылымы, көлік байланысы және индустриялық даму салаларындағы стратегиялық бастамаларға қолдау көрсеткені үшін қаржы институтының жетекшісіне алғыс білдірді. Соңғы жылдары ИДБ өз тарихындағы ең үлкен қаржыландыру пакетін мақұлдады, оның ішінде Су ресурстарын дамыту бағдарламасы (1,15 миллиард доллар) және арнайы экономикалық аймақтар мен индустриялық парктерді дамытуға арналған негіздемелік келісім (1,3 миллиард доллар) бар.

Кездесуде 2027-2032 жылдарға арналған жаңа Стратегиялық серіктестік шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Президент Қазақстанның ИДБ-мен ұзақмерзімді серіктестікке және қолайлы инвестициялық саясатқа бейілдігін растады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Ислам даму банкі топтарының жыл сайынғы кездесуін 2028 жылы Қазақстанда өткізу ұсынысын қолдады.

Ұқсас жазбалар

Президент Cameco корпорациясының басшысын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысы аясында Cameco Corporation атқарушы директоры Тим…

Мемлекет басшысы AD Ports Group басшысын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев AD Ports Group басшысы Мұхаммед Әл-Шамисимен кездесіп, Каспий аймағының көлік-транзит әлеуетін кеңейту мәселелерін…

Мемлекет басшысы Anadolu Group холдингінің төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Anadolu Group холдингінің төрағасы Камиль Сулейман Языджиді қабылдады. Кездесуде инвестициялық ынтымақтастықты…