Жыл басынан бері 160-тан астам күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Сурет: Polisia.kz

Жыл басынан бері ұйымдасқан қылмыстық құрылымдарға қатысы бар күдіктілердің топ құру, басшылық ету және қатысу фактілері бойынша 38 іс тіркелді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру фактілері бойынша да тергеу жүргізілуде.

Әртүрлі қылмыс жасағаны үшін қылмыстық ортаға қатысы бар 160-тан астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Азаматтар мен кәсіптердің қауіпсіздігіне қол сұғатын қылмыстардың жолын кесуге ерекше назар аударылып отыр. Полицейлер кәсіпкерлер мен білім беру ұйымдарында жасалған және өзге де қылмыстарға қатысты 270-тен астам бопсалау фактісін анықтады. Еліміздің өңірлерінде жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар 30-дан астам қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, — деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету басым бағыттардың бірі болып отыр. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетімен бірлесіп, жазасын өтеп жатқан қылмыстық орта өкілдерінің мекеме әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбауы және қызметкерлерге қауіп төндіру фактілері бойынша 50-ден астам қылмыстық іс тіркелді.

Трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастық дамып келеді. ІІМ бастамасымен «заңдағы ұры» деп аталатын санатқа жататын, сондай-ақ шетелдік қылмыстық орта өкілдері саналатын 500-ге жуық адамның Қазақстанға кіруіне тыйым салынды.

«Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заңды іске асыру аясында 80-нен астам қылмыс анықталды. Зардап шеккендерге қажетті әлеуметтік, құқықтық және психологиялық көмек көрсетіліп, олардың заңды құқықтары мен мүдделерінің қорғалуы қамтамасыз етілді.

Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмыстық топтар қызметінің жолын кесу, азаматтардың құқықтарын қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және заң бұзған тұлғалардың жазадан жалтармауын қамтамасыз ету бағытында дәйекті әрі принципті жұмысын жалғастырады.

Ұқсас жазбалар

Брайль қарпіндегі Конституция таныстырылды

Ұлттық кітапханада Брайль қарпімен басылған жаңа Конституция таныстырылды. Бұл бастама зағип және нашар көретін азаматтардың…

Қазақстанда саусақ ізін алудың жаңа тәртібі 1 шілдеден бастап күшіне енді

1 шілдеден бастап дактилоскопиялық және геномдық тіркеудің жаңартылған қағидалары күшіне енді. Өзгерістер саусақ іздерін алу…

Қарағанды облысында үш теміржол вокзалы жаңғыртылды

Қарағанды облысында Нұра, Қарағанды-Сұрыптау және Жаңа Қарағанды станцияларындағы теміржол вокзалдары жаңғырту жұмыстары аяқталған соң ашылды.