Categories Спорт

Англия құрамасы Конгоны 2:1 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

Сурет: Egemen Qazaqstan

Англия құрамасы Конго командасын 2:1 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды. Харри Кейн дубль авторы атанды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ойынның 7-минутында Конго Демократиялық Республикасының жартылай қорғаушысы Брайан Сипенга жақын бұрышты дәл көздеп, командасын алға шығарды.

75-минутта Англия шабуылшысы Харри Кейн баспен гол соғып, есепті теңестірді. Ал 86-минутта Кейн тағы бір мәрте мергендік танытып, дубль авторы атанды және командасына жеңіс сыйлады.

Осылайша Англия әлем чемпионатының 1/8 финалына өтті. Енді олар Мексика құрамасымен бақ сынайды. Ал конголықтар турнирдегі өнерін осымен аяқтады.

Ұқсас жазбалар

Азия чемпионатында қазақ балуандары екі күміс, бір қола медаль жеңіп алды

Таиландтың Паттайя қаласында 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды.

Әлем чемпионаты: 1/16 финалда Англия, Бельгия және АҚШ ойнайды

Бүгін әлем чемпионатының 1/16 финалында Англия, Бельгия және АҚШ құрамалары өз қарсыластарымен кездеседі.

Волейболдан жастар лигасы жаңа форматта басталды

Астанада волейболдан 2026-2027 жылғы жастар лигасының алғашқы туры аяқталды. Жаңа форматта өткен маусымда жас спортшылар…