Сурет: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмектің көп деңгейлі жүйесі жолға қойылғанын атап өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Президенттің айтуынша, бұл көмек шын мұқтаж адамдарға берілуге тиіс. Көмек «Отбасының цифрлық картасы» технологиялық шешімі арқылы көрсетіледі.
Парламент депутаттарының табандылығы арқасында зиянды өндірісте еңбек ететіндердің мәселесі шешілді. Бұл жиі көтеріліп, әбден жауыр болған түйткіл еді, деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, енді өндіріс еңбеккерлері әлеуметтік төлем алуға, 55 жастан бастап зейнетке шыққанға дейін жеңілірек жұмысқа ауысуға заң жүзінде қақылы.
Әйелдер мен балалардың құқығын қорғауға, халықтың шамадан тыс кредит алуын азайтуға, ойынқұмарлыққа, есірткі қылмысына және кибералаяқтыққа қарсы күрес шараларына қатысты қабылданған заңнамалық шешімдеріңіз жұртшылықтың кең қолдауына ие болды. Біздің басты стратегиялық мақсатымыз – жоғары конституциялық қағидаттарды іске асыра алатын білімді, дені сау, зияткер әрі озық ойлы ұрпақ тәрбиелеу, деді Мемлекет басшысы.

