Сурет: Egemen Qazaqstan
Швейцарияның Люцерн қаласында өтіп жатқан академиялық ескек есуден әлем кубогының үшінші кезеңінде Қазақстан қоржынына қола жүлде түсті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жеңіл салмақтағы әйелдер арасындағы жұптық есу бағдарламасында отандастарымыз үздік үштікті түйіндеді. А финалында бірінші орынды Жапония спортшылары Чика Йонэзава мен Чиаки Томита 07:14.74 секунд нәтижемен алды. Екінші орында Перу өкілдері Алессия Паласиос пен Валерия Паласиос 07:18.51 секундпен келді. Үшінші орынды Екатерина Носкова мен Мария Чернец 07:21.91 секундпен иеленді.
Қазақ ескекшілері әлемдік деңгейдегі бәсекелестерімен соңына дейін таласып, алда келе жатқан Гонконг спортшыларынан басып озып, жүлделі орыннан көрінді. Тағы бір отандасымыз Артём Матусевич жекелей сында А финалында жетінші сатыға тұрақтады.
Әлем кубогы 28 маусымда мәресіне жетеді. Жарыста 42 елдің 650-ден астам өкілі жүлдеге таласып жатыр. Қазақстан командасы сапында бес спортшы бар: Владислав Яковлев, Иван Чернухин, Артём Матусевич, Мария Чернец, Екатерина Носкова.

