Сурет: istockphoto.com
АҚШ пен Иран атысты тоқтату туралы келісімге қарамастан, бір-біріне тағы да соққы жасады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
АҚШ Орталық қолбасшылығы 26 маусым күні кешке Иранға соққы жасалғанын хабарлады. Бұл әрекет «бір күн бұрын Ормуз бұғазы арқылы өтіп бара жатқан сауда кемесіне жасалған шабуылға қарымта жауап» болған.
АҚШ әскери авиациясы Иранның зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары сақталған қоймаларына, сондай-ақ жағалаудағы радиолокациялық бекеттеріне соққы жасады. Бұған 25 маусым күні Иранның камикадзе-дрон арқылы Ever Lovely сауда кемесіне шабуыл жасауы себеп болды. Сингапур туы астында жүзген жүк кемесі шабуыл кезінде Оман жағалауын бойлай Ормуз бұғазынан шығып бара жатқан. Бұл негізсіз агрессия атысты тоқтату режимін өрескел бұзды, делінген мәлімдемеде.
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның келісімді бұзу әрекетін «ақымақтық» деп атады. Ол Truth Social желісінде Тегеран Ормуз бұғазынан өтіп бара жатқан кемеге төрт дрон ұшырғанын жазды.

