Сурет: 24kz
Израиль мен Ливан АҚШ-тың арағайындығымен негіздемелік келісімге қол қойды. Бастапқы кезеңде Израиль Ливан аумағынан әскерін ішінара шығарады, бірақ әскери күштердің бір бөлігі елдің оңтүстігінде қалады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
24kz мәліметінше, Премьер-министр Биньямин Нетаньяху атап өткендей, «Хезболла» ұйымы қарусыздандырылып, қауіп толық жойылғанға дейін ЦАХАЛ аймақтан кетпейді.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио бұл келісімді өңірде бейбітшілік пен тұрақтылық орнату жолындағы маңызды қадам деп бағалады.
Израиль мен Ливан арасындағы бітім үш аптаға ұзартылды. Келісім шеңберінде АҚШ Ливанға гуманитарлық көмек ретінде 100 миллион доллар, сондай-ақ елдің қарулы күштерін нығайтуға қосымша 30 миллион доллар бөледі.

