Categories Әлем

Қазақстан AI Opportunity Partnership бастамасына қосылды

Сурет: gov.kz

Қазақстан жасанды интеллект, технологиялық даму және экономикалық қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған AI Opportunity Partnership бірлескен мәлімдемесіне қосылды. Құжатқа Вашингтонда өткен рәсімде Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев қол қойды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

AI Opportunity Partnership серіктес елдердің жасанды интеллектті дамытудағы ортақ ұстанымдарын айқындайды. Құжат аясында инновациялық реттеуді жетілдіру, стартаптар мен кәсіпкерлерді қолдау, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамыту, жеке инвестицияларды тарту, есептеу инфрақұрылымын кеңейту және сенімді AI-экожүйесін қалыптастыру көзделген.

Серіктестік жасанды интеллектінің негізгі инфрақұрылымдық бағыттарына, атап айтқанда маңызды минералдар өндірісі, энергетика, деректер орталықтары, есептеу қуаттары, жартылай өткізгіштер өндірісі, инженерлік кадрларды даярлау және тұрақты жеткізу тізбегін дамыту мәселелеріне басымдық береді.

Бұл бастама Қазақстанға жасанды интеллект инфрақұрылымына инвестиция тартуға, маңызды минералдарды өңдеу саласын дамытуға, AI және инженерлік мамандар даярлауға, бірлескен ғылыми жобаларды іске асыруға және елдің жаңа технологиялық экономикадағы рөлін күшейтуге мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміз NVIDIA мен Firebird секілді IT алпауыттармен 10 миллиард долларлық келісімге қол жеткізген болатын.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан мен Қытай ғылым, білім және инновация саласында жаңа бастамаларды қолға алды

Қазақстан мен Қытай ғылым, білім және инновация саласында жаңа бастамаларды қолға алды. Вице-министр Гүлзат Көбенова…

Ормуз бұғазындағы дрон шабуылы: Трамп Иранды айыптады

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранды Ормуз бұғазында кемелерге дрон шабуылын жасады деп айыптады.

Ормуз бұғазындағы ахуал: Иран бақылауды әлі де өз қолында ұстап отыр

АҚШ-тың арнайы делегациясы Абу Дабиге барып, Парсы шығанағындағы одақтастарымен қауіпсіздік пен Иранға қатысты ахуалды талқылады.