Categories Саясат

Парламент Үкіметтің 2025 жылғы бюджет атқарылымы туралы есебін мақұлдады

Сурет: Үкімет

Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар Үкіметтің 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін қабылдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет есепті кезеңде негізгі бюджеттік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз еткен. Шығыстардың әлеуметтік бағыты сақталып, ұлттық жобаларды жүзеге асыру жалғасып келеді. Сонымен қатар экономикалық өсуді қолдау, халықтың табысын арттыру және мемлекеттік қаржының орнықтылығын нығайту шаралары қабылдануда.

2025 жылдың қорытындысы бойынша ел экономикасы тұрақты оң серпінді сақтап қалды, ІЖӨ өсімі 6,5%-ды құрады. Құндық мәнде жалпы ішкі өнімнің артуы 15 млрд доллар болды. Экономикалық өсу аясында орташа айлық жалақы 442 мың теңгеге жетті, ал жұмыссыздық деңгейі жыл бойы 4,6% деңгейінде сақталды. Еңбекақының ІЖӨ-дегі үлесі шамамен 30%-дан асты. Алдағы уақытта жұмыс осы көрсеткішті орташа әлемдік деңгейге 40% жақындатуға бағытталады.

Былтыр әлеуметтік салаға бюджеттен 9,3 трлн теңге бөлінген.

Ұқсас жазбалар

Совет Европы выразил поддержку политическим реформам в Казахстане

В Парламентской ассамблее Совета Европы (ПАСЕ) принята письменная декларация «Конституционный референдум в Казахстане: новый этап…

Елдік бағдарламаға көшу мәселесі талқыланды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев ХЕҰ өкілі Михаил Пушкинмен кездесіп, Елдік бағдарламаға…

Еуропарламентте Қазақстанның саяси реформалардағы жетістігі атап өтілді

Еуропарламентте Қазақстанның саяси реформалар жолындағы прогрессі атап өтілді.