Categories Спорт

Винисиус әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі барлық матчта үздік ойыншы атанды

Сурет: sportilinet.kz

Винисиус Жуниор әлем чемпионатында Шотландия мен Бразилия арасындағы кездесудің үздік ойыншысы деп танылды. Осылайша ол топтық кезеңнің барлық матчында осы марапатты иеленген тарихтағы алғашқы футболшы болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бразилия құрамасы матчта 3:0 есебімен жеңіске жетті. Мадридтік «Реалдың» 25 жастағы шабуылшысы бірінші таймда дубль жасады.

Винисиус матч барысында қақпаға 10 соққы жасап, 30 пастың 25-ін дәл жеткізді. Сондай-ақ қарсыластың айып алаңында допқа 13 рет иелік етіп, екі команда арасындағы ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді.

Бразилиялық футболшы бұған дейін Мароккомен (1:1) және Гаитиге қарсы (3:0) ойындарда да үздік ойыншы атанған еді.

Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі үш матчта Винисиус төрт гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Шотландияға қарсы ойында Бразилия сапынан жарақатынан айыққан Неймар алаңға шықты. Ұзақ уақыт ұлттық құрама сапынан шеттетіліп қалған ойыншыны Карло Анчелотти құрамға қайтарды.

Ұқсас жазбалар

Марокко Гаитиді жеңіп, плей-офф кезеңіне жолдама алды

Марокко құрамасы Гаитиді 4:2 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Швейцария Канаданы жеңіп, плей-оффқа топ көшбасшысы ретінде шықты

Әлем чемпионатының В тобындағы үшінші тур матчында Швейцария құрамасы Канаданы 2:1 есебімен жеңді.

Қазақстандық мерген қыздар әлем чемпионатында алғаш рет алтын алды

Қазақстандық мерген қыздар стенд атудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алғаш рет алтын медаль жеңіп алды.