Categories Спорт

Марокко Гаитиді жеңіп, плей-офф кезеңіне жолдама алды

Сурет: FIFA

Әлем чемпионатының С тобындағы үшінші тур матчында Марокко құрамасы Гаитиді 4:2 есебімен жеңіп, плей-оффқа шықты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

АҚШ-тағы Mercedes-Benz Stadium стадионында өткен кездесуде марокколықтар жігерлі ойын көрсетті. Африкалық ұжым сапынан Ашраф Хакими, Исмаэль Сайбари, Суфьян Рахими және Жессим Яссин гол соқты.

Гаити құрамасының сапында бұрынғы «Зенит» шабуылшысы Вильсон Изидор гол соқты. Сондай-ақ Марокко қақпашысы Яссин Буну өз қақпасына доп енгізіп алды.

Топтық кезең қорытындысы бойынша Марокко жеті ұпай жинап, С тобында екінші орынмен плей-офф кезеңіне жолдама алды. Дәл осындай ұпай жинаған Бразилия ұлттық құрамасы бірінші орынға ие болды. Шотландия үш ұпаймен үшінші орын алса, ұпайсыз қалған Гаити турнирмен қоштасты.

Ұқсас жазбалар

Винисиус әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі барлық матчта үздік ойыншы атанды

Винисиус Жуниор әлем чемпионатында Шотландия мен Бразилия арасындағы кездесудің үздік ойыншысы атанды. Ол топтық кезеңнің…

Швейцария Канаданы жеңіп, плей-оффқа топ көшбасшысы ретінде шықты

Әлем чемпионатының В тобындағы үшінші тур матчында Швейцария құрамасы Канаданы 2:1 есебімен жеңді.

Қазақстандық мерген қыздар әлем чемпионатында алғаш рет алтын алды

Қазақстандық мерген қыздар стенд атудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алғаш рет алтын медаль жеңіп алды.