Categories Жайық news

БҚО-да полиция бет-жүзді тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге қатысты жауапкершілік туралы еске салды

Аталған талап Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңының 75-бабының 3-тармағында көзделген. Заңға сәйкес қоғамдық орындарда адамның бет-әлпетін тануға мүмкіндік бермейтіндей дәрежеде бетін жабатын киім кию құқық бұзушылық болып саналады.

Сонымен қатар бұл норма қолайсыз ауа райы жағдайларында, медициналық көрсетілімдер болған кезде, қызметтік міндеттерді орындау барысында, сондай-ақ спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысу кезінде қолданылмайды.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-3-бабына сәйкес мұндай құқық бұзушылық алғаш рет жасалған жағдайда ескерту беріледі. Ал бір жыл ішінде қайталанған жағдайда 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген. Қазіргі уақытта облыс аумағында аталған талаптарды бұзғаны үшін бес азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды Полиция департаменті бұл талаптардың қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқықтық тәртіпті нығайтуға және құқық қорғау органдарының қызмет тиімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтіп, тұрғындарды заң талаптарын сақтауға шақырады.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/bqo-da-politsiya-bet-zhuzdi-tanugha-kedergi-keltiretin-kiimderdi-kiyuge-qatysty-zhauapkershilik-turaly-eske-salady/

Ұқсас жазбалар

Қазақстан-Ресей шекарасында жүк көліктерінің кептелісі: кезек 35 шақырымға жетті

Батыс Қазақстан облысындағы «Сырым – Маштаково» шекаралық өткізу бекетінде жүк көліктерінің кептелісі пайда болды. Кезек…

«Қазгидромет» құрғақшылық қаупі бар өңірлерді атады

«Қазгидромет» шілде айында бірқатар өңірде құрғақшылық болуы мүмкін екенін ескертті.

Павлодар облысында шегірткеге қарсы 49 мың гектар өңделеді

Павлодар облысында 49 мың гектар алқапты шегірткеге қарсы өңдеу жоспарланған. 30 мың гектарда зиянкестер ошағы…