Categories Жайық news

«Қазгидромет» құрғақшылық қаупі бар өңірлерді атады

Сурет: istockphoto.com

«Қазгидромет» мамандары шілде айында бірқатар өңірде құрғақшылық болуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Құрғақшылық қаупі Павлодар облысының Ақтоғай, Ертіс, Железин, Успен, Шарбақты және Май аудандарында, Қарағанды облысының Ақтоғай, Бұқар жырау, Осакаров, Нұра, Қарқаралы және Шет аудандарында төніп тұр.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының Зайсан, Үлкен Нарын, Күршім, Марқакөл, Тарбағатай аудандары мен Өскемен және Шемонаиха маңында, Абай облысының бірқатар ауданында да осындай жағдай күтіледі.

Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының жекелеген аудандарында орташа құрғақшылық болжанып отыр.

Кейбір өңірлерде, атап айтқанда Қостанай облысының Қарабалық және Жітіқара аудандарында, Ақтөбе облысының Мәртөк, Ойыл, Хромтау аудандарында және Ақтөбе қаласында ылғал деңгейі қалыпты болады деп күтіледі.

Мамандар ауыл шаруашылығы саласында сақтық шараларын күшейтуді ұсынады.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан-Ресей шекарасында жүк көліктерінің кептелісі: кезек 35 шақырымға жетті

Батыс Қазақстан облысындағы «Сырым – Маштаково» шекаралық өткізу бекетінде жүк көліктерінің кептелісі пайда болды. Кезек…

БҚО-да полиция бет-жүзді тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге қатысты жауапкершілік туралы еске салды

Аталған талап Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңының 75-бабының 3-тармағында көзделген. Заңға сәйкес қоғамдық…

Павлодар облысында шегірткеге қарсы 49 мың гектар өңделеді

Павлодар облысында 49 мың гектар алқапты шегірткеге қарсы өңдеу жоспарланған. 30 мың гектарда зиянкестер ошағы…