Сурет: sport.akipres
Әлем чемпионатының K тобындағы екінші турда Колумбия құрамасы Конгоны 1:0 есебімен ұтып, плей-офф кезеңіне өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Мексиканың Сапопан қаласындағы «Акрон» стадионында өткен матчқа италиялық төреші Маурицио Мариани төрелік етті. Ойын тағдырын екінші таймдағы жалғыз гол шешті. 76-минутта қорғаушы Даниэль Муньос дәл соққы жасап, Колумбияға жеңіс әперді.
Екі турдан кейін Колумбия 6 ұпай жинап, K тобында көш бастады. Екінші орында 4 ұпайы бар Португалия, үшіншіде 1 ұпаймен Конго тұр. Өзбекстан құрамасы әлі ұпай ала алмады.
Үшінші тур 28 маусымда өтеді: Колумбия Португалиямен, ал Өзбекстан Конгоммен кездеседі. Топтық кезең 28 маусымға дейін жалғасады. Әр топтан алғашқы екі орын және үздік сегіз үшінші орын плей-оффқа шығады.

