Сурет: Ашық дереккөз
Батыс Қазақстан облысында ақпараттық жүйелерді пайдаланып онлайн-несие беру саласында қылмыстық істер тергелуде. 4 ақпанда белгісіз біреу микроқаржы ұйымы арқылы Қазақстан азаматының атына заңсыз несие рәсімдеген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жәбірленуші онлайн-несие алу үшін биометриялық деректерін бермеген, алаяқтар үшінші тұлғаның мәліметтерін пайдаланған.
Сол сияқты белгісіз тұлғалар өзге микроқаржы ұйымы арқылы еліміздің азаматына заңсыз несие рәсімдеп, қаражатты дропперлердің шоттары арқылы басқа тұлғаға аударған. Микроқаржы ұйымы арқылы жасалған қылмыстан 70 азамат зардап шеккен, — делінген БҚО прокуратурасының хабарламасында.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

