Тоқаев Түркияға барады: Қазақстан мен Түркия стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтермек

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы күндері Түркияға ресми сапармен барады. Сапар аясында Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің V отырысына қатысады деп жоспарланып отыр.

Президенттер Қазақ-Түрік стратегиялық әріптестігін тереңдетуинвестиция мен саудалогистикақорғаныс және мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылайды.


Саяси ынтымақтастық: Түркия — Қазақстанның сенімді серіктесі

Түркия — Қазақстан тәуелсіздігін алғашқы болып мойындаған мемлекет. Қазір қос ел арасында 100-ден аса екіжақты құжат қабылданған. Президент Тоқаев пен Ердоған соңғы жылдары 14 рет кездесіп, стратегиялық әріптестікті нығайтуға үлес қосты.

ТҮРКПАТүркі мемлекеттері ұйымы сынды алаңдар екіжақты байланысты тереңдетіп, аймақтық ықпалдастықты арттырып отыр.


Сауда және инвестиция: тауар айналымы өсіп келеді

2023 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 5 млрд АҚШ долларына жуықтады. Экспорттың басым бөлігі — мыс, мұнай, көмір және ауыл шаруашылығы өнімдері. Түркияға экспорт көлемі 3,3 млрд долларды құраса, импорт 1,7 млрд доллар болды.

2024 жылдың қаңтар–сәуірінде Қазақстан түрік экономикасына 610 млн доллар инвестиция салды — бұл рекордтық көрсеткіш.


Логистика: Орта дәліздің рөлі артады

Қос тарап Орта дәлізді дамытуға мүдделі. Түркия Қазақстанда 100 млн долларға логистикалық терминалдар салуды жоспарлап отыр. Бұл жоба Еуропа мен Азия арасындағы балама көлік жолдарын кеңейтуге ықпал етеді.


Білім мен мәдениет: 12 мың қазақстандық Түркияда оқып жатыр

Қазір 12 мыңнан астам қазақстандық студент Түркияда білім алуда. Түркия — отандастар ең көп оқитын елдердің бірі. Сонымен қатар 2023 жылы Қазақстаннан Түркияға 863 мыңнан астам турист барған.


Қорғаныс және қауіпсіздік: жаңа жобалар күтіледі

Сарапшылардың пікірінше, биылғы кеңес қорғаныс кооперациясына серпін береді. Бірлескен жаттығулар, пилотсыз ұшақтар өндірісікиберқауіпсіздік пен терроризмге қарсы іс-қимыл басты тақырыптардың бірі болуы мүмкін.

Ұқсас жазбалар

Олжас Бектенов Баку қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер үкіметтері басшыларының кездесуіне қатысты

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Баку қаласына (Әзербайжан) жұмыс сапары аясында Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам…

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ КЕҢЕСШІСІНЕ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРЛІК ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БАЯНДАЛДЫ

ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі Ермек Маржықпаев пен облыс әкімі Нариман Төреғалиев Оралдағы жылу электр орталығында болды.…

Казахстан вступает в один из наиболее важных этапов политической трансформации — статья Токаева в «The National Interest»

В американском журнале The National Interest вышла статья Президента Касым-Жомарта Токаева о новом Основном законе страны, передает агентство Kazinform. В…