Categories Спорт

Саламат Исбуллаев 27 маусымда Сан-Диегода Эй-Джей Маккимен жекпе-жек өткізеді

Сурет: sportplustv.kz

АҚШ-тың PFL лигасының жартылай жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Саламат Исбуллаев кезекті жекпе-жегін 27 маусымда Сан-Диегода жергілікті жұлдыз Эй-Джей Маккиге қарсы өткізеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

29 жастағы қазақ файтері кәсіпқойлар арасында 10 рет октагонға шығып, барлығында басымдықпен жеңіске жетті. Оның қарсыластары арасында Швеция, Аустрия, Өзбекстан, Қытай, Ресей, Моңғолия, Бразилия спортшылары бар. Саламат бірнеше бәсекелесін «қылқындыру» әдісімен ұтса, соңғы жекпе-жегін 7 ақпанда Дубайда PFL-дың экс-чемпионы Хесус Пинедоды нокаутқа жіберді.

Қарсылас Эй-Джей Макки 31 жаста, Калифорния штатының тумасы. Ол 26 кездесу өткізіп, 24 рет жеңіске жеткен, оның 14-і мерзімінен бұрын аяқталған. Макки екі рет қана жеңілген: Патрисио Питбуль мен Пол Хьюздан төрешілер шешімімен ұтылды. Ол Bellator ұйымының чемпионы болып, Гран-при додасында жеңіске жетіп, бірқатар рекорд жаңартты. Соңғы жекпе-жегінде 20 наурызда мажарстандық Адам Боричті ұпай санымен ұтты.

Бұл айқас Саламат үшін үлкен мүмкіндік. Егер ол өз салмағында екінші орында тұрған Маккиді жеңсе, келесі жекпе-жектерінің бірінде PFL чемпиондық тәжіне таласуы мүмкін. Қазіргі рейтингте Саламат алтыншы сатыда тұр.

Ұқсас жазбалар

Әлем чемпионаты: Франция Иракты ірі есеппен жеңді

Футболдан әлем чемпионатының I тобындағы екінші тур матчында Франция құрамасы Иракты 3:0 есебімен ойсырата жеңді.…

Түркия әлем чемпионатындағы жолын ерте аяқтады

Түркия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде екінші турдан кейін плей-оффқа шығу мүмкіндігінен айырылды.

Холанд дубль жасап, Норвегияны плей-оффқа шығарды

Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші тур матчында Норвегия құрамасы Сенегалды 3:2 есебімен жеңіп, мерзімінен бұрын…