Categories Ақорда

Ғиззат Байтұрсынов жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі болып тағайындалды

Сурет: Үкімет

Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Ғиззат Сейдахметұлы Байтұрсынов жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ол 1994 жылы Шымкентте туған. Малайзиядағы Азия-Тынық мұхиты технологиялар және инновациялар университеті мен Д.А.Қонаев атындағы Еуразия заң академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы бағдарламашы болып бастаған. Кейін «Ел-Қонды» ЖШС-да Малайзиядағы өкіл, техникалық жабдықтау бөлімінің басшысы, мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.

2019-2022 жылдары Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде электрондық өнеркәсіп саласында сарапшы, бас сарапшы және басқарма басшысы болып жұмыс істеген.

2022-2024 жылдары сол министрліктің Электрондық өнеркәсіпті дамыту департаментінде басқарма басшысы, директордың орынбасары және директор қызметтерін атқарған.

2024-2026 жылдары Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы болған.

2026 жылдың наурызынан бастап Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

Сонымен қатар, Үкімет қаулысымен Дмитрий Мун Андреевич жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі лауазымынан босатылды.

Ұқсас жазбалар

Ерсұлтан Бектұрғанов: Мемлекеттік қызмет үздіксіз ізденісті талап етеді

Шілде айынан бастап «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа заң күшіне енеді. Бұл құжаттың мақсаты…

Жасанды интеллект саласына жауапты жаңа вице-министр тағайындалды

Ғиззат Сейдахметұлы Байтұрсынов Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі болып тағайындалды.

Президент Телерадиокешені деректі кино шеберханасына айналды – ардагер

Биыл ҚР Президентінің Телерадиокешені 30 жылдығын атап өтуде. Осы уақыт ішінде ұжым елдегі жетекші медиа…