Categories Қаржы

Ақылы қызметтер енді абоненттің келісімімен ғана қосылады

Сурет: pexels

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізді. 18 маусымда қол қойылған бұйрық азаматтардың цифрлық ортадағы құқығын қорғауға бағытталған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Енді қосымша ақылы қызметтерді қосу үшін абоненттің екі рет келісімі қажет. Оны жеке кабинет, SMS, қоңырау немесе USSD-сұраныс арқылы растауға болады.

Операторларға «маяк» қоңырауларын пайдалануға толық тыйым салынады. Бұрын бұл қызметті өшіру мүмкін болған, бірақ екі абонент те өшіргенде ғана жұмыс істейтін. Енді бұл қайшылық жойылып, «маяктардың» орнына SMS-хабарлама қолданылады.

Пайдаланушылар операторлардың жарнамалық және ақпараттық таратылымдарынан оңай бас тарта алады. 14 жасқа толмаған балаларға нөмір тіркеу кезінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді: процедураны тек заңды өкілдер биометриялық сәйкестендіру арқылы жүргізеді, бір балаға бір ғана нөмір рәсімделеді.

Жаңа нормалар 28 маусымнан бастап күшіне енеді.

Ұқсас жазбалар

Елімізде әр оныншы адам қарызын несиемен жабады — статистика

Елімізде ең көп несиелік қарыз тұрмыстық техника үшін рәсімделеді. Әлеуметтік сауалнамаға қатысқан отандастардың басым бөлігі…

ҰБТ-ның алтыншы аптасында 624 ереже бұзушылық анықталды

ҰБТ-ның алтыншы аптасында 624 ереже бұзушылық анықталды. 385 талапкер тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны…

Колледждерге құжат қабылдау 25 маусымнан басталады

Елімізде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжат қабылдау 25 маусымнан басталады.…