Сурет: istockphoto.com
Франция билігі мерекелік іс-шараларда алкоголь ұсынуға тыйым салды. Бұл туралы премьер-министр Себастьян Лекорню мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін француз жұрты музыка мерекесін атап өтеді. Бұл күні Франция көшелерінде жыл сайын миллиондаған адам жиналады. Енді билік өкілдері ми қайнатар ыстықта спиртті сусындар ағзадағы сусыздану қаупін күшейтіп, дәрігерлер мен құтқару қызметтеріне түсетін жүктеме артады деп алаңдап отыр.
Қазір елдің 35 өңірінде ауа райына байланысты ең жоғары «қызыл» қауіп деңгейі жарияланған. Жаңа қаулыға сәйкес, мемлекет ұйымдастыратын іс-шараларда алкогольді сусын ұсынылмайды.

