Categories Спорт

Абылайхан Жүсіпов бокстан әлем Кубогының чемпионы атанды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Бокстан әлем Кубогының екінші кезеңінде Абылайхан Жүсіпов чемпион атанды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

70 келі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық боксшы финалда үндістандық Дипакты жеңді. Жекпе-жек барысында сауатты қимылдаған Абылайхан төрешілердің бірауыз шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Отандасымыздың жарыстағы жолы: 1/2 финалда иорданиялық Зейад Ишаишпен кездесіп, қарсыластың жарақатына байланысты жеңіске жетті; 1/4 финалда өзбекстандық Шавкатжон Болтаевты 5:0 есебімен ұтты; 1/8 финалда бразилиялық Кайан Рейесті 5:0 есебімен жеңді.

Ұқсас жазбалар

ӘЧ-2026: Жапония Тунисті ірі есеппен ұтты

Футболдан Жапония ерлер құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Тунисті 4:1 есебімен жеңді.

Виктория Графеева әлем Кубогының жеңімпазы атанды

Виктория Графеева әлем Кубогының жеңімпазы атанды. Ол Назым Қызайбайдың жеңісті жолын жалғастырды.

Футболдан ӘЧ-2026: Нидерланд құрамасы Швецияны ірі есеппен жеңді

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының F тобында Нидерланд құрамасы Швецияны ірі есеппен жеңді.