Categories Әлем

Израильде еврейлер әскерге шақыруға қарсы наразылық акциясын өткізді

Сурет: Еuronews.com

Израильдің Нетания қаласы маңында мыңдаған еврей міндетті әскери қызметке қарсы наразылық акциясына шықты. Шеруге қатысушылар әскери қызметтен бас тартқаны үшін қамауға алынған азаматтарды босатуды талап етті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бейт-Лид әскери базасының алдында өткен наразылықты басу үшін оқиға орнына қауіпсіздік күштері мен су шашатын арнайы техника жұмылдырылды.

Наразылық Израильдің бірнеше бағыттағы әскери операциялары жалғасып жатқан кезеңде өтті. Осыған байланысты елде әскерге шақыру мәселесі қоғам мен билік үшін өзекті тақырыпқа айналып отыр.

Дауға діни оқу орындарында білім алып жүрген ультраортодоксалды студенттердің әскери қызметтен босатылып келуі басты себеп болып отыр. Бұл тәжірибе Израиль мемлекеті құрылған 1948 жылдан бері қолданылып келеді.

Ел билігінің мәліметінше, жыл сайын шамамен 13 мың дін жолындағы жас әскерге шақыру жасына жетеді. Алайда олардың шамамен 10 пайызы ғана әскери қызметке барады.

2017 жылы Израильдің Жоғарғы соты мұндай жеңілдіктерді заңсыз деп танығанымен, кейінгі билік жүйесі бұл тәртіпті сақтап қалды. Соңғы апталарда ультраортодоксалды партиялар да премьер-министр Биньямин Нетаньяху басқаратын коалицияны қолдаудан бас тартқан. Осылайша мәселе одан әрі шиеленісіп отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қорғаныс министрлігі күзге дейін 21 мыңнан астам азамат әскер қатарына шақырылатынын мәлімдеген болатын.

Ұқсас жазбалар

Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаев Садыр Жапаровқа қосымша өкілеттік беруді ұсынды

Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаев Ыстықкөл форумында қазіргі президент Садыр Жапаровқа қосымша мандат беру қажеттігін…

Щучинск тұрғыны жалған айғақ беріп, 2 жылға бас бостандығынан айырылды

Щучинск тұрғыны сотқа жалған айғақ беріп, 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Прокуратура жалған айғақ берудің…

В ОАЭ запретили соцсети для детей младше 15 лет

В Эмиратах детям младше 15 лет запретили пользоваться соцсетями. Такое решение принял кабинет министров страны,…