Categories Көңіл ашар

Димаш Құдайберген «Алтын белгі» иегеріне ноутбук сыйлады

Сурет: Астана қаласының білім басқармасы

Астанада 16 мыңнан астам оқушы мектеп бітіріп, үлкен өмірге аттанды. Салтанатты шарада №83 мектеп-лицейінің түлегі, «Алтын белгі» иегері Максим Цойға Димаш Құдайберген арнайы сыйлық табыс етті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ерекше білім қажеттілігі бар оқушы 25 мамырдағы соңғы қоңырауда ұстазымен билеп, әлеуметтік желіде тараған видео арқылы көпшіліктің көңілінен шыққан еді.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген Максим Цойға ноутбук сыйлаған. Бұл тосынсый түлек үшін ерекше және есте қаларлық сәтке айналды.

Ұқсас жазбалар

Астанада «Ойыншықтар хикаясы 5» фильмінің қазақ тіліндегі жабық көрсетілімі өтті

Астанада Disney&Pixar студияларының «Ойыншықтар хикаясы 5» анимациялық фильмінің қазақ тіліндегі жабық көрсетілімі өтті. Шараны халықаралық…

«Қала хикаялары» әдеби байқауы жарияланды

Мәдениет және ақпарат министрлігі жүлде қоры мол «Қала хикаялары» атты жаңа республикалық әдеби байқау жариялады.

Димаш Құдайберген Алтай төрінде ән шырқайды

10-12 шілде аралығында Катонқарағайда «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі өтеді. Басты қонақ –…