Categories Әлем

Вьетнам шетелдіктер үшін кіру рәсімін жеңілдетті

Сурет: istockphoto.com

Вьетнам шетел азаматтарының елге кіру рәсімдерін жеңілдету үшін Pre-arrival Information (PAI) атты алдын ала ақпарат жүйесін пилоттық режимде іске қосты. Жаңа жүйе шетелдіктерге сапар алдында қажетті мәліметтерді онлайн форматта жіберуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл шешім шекаралық бақылаудан өту уақытын қысқартып, халықаралық әуежайлардағы жолаушылар ағынын тиімді ұйымдастыруға бағытталған. Қазір PAI жүйесі Таншоннят халықаралық әуежайында сынақ режимінде жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта оны Нойбай, Дананг, Камрань және Фукуок әуежайларында, сондай-ақ басқа да өткізу бекеттерінде кезең-кезеңімен енгізу жоспарланған.

Сыртқы істер министрлігі PAI жүйесі Вьетнамға кірудің міндетті талабы емес екенін атап өтті. Бұл жүйе виза рәсімдеу қызметін атқармайды, тек сапар туралы ақпаратты алдын ала ұсынуға арналған.

Ұқсас жазбалар

В ОАЭ запретили соцсети для детей младше 15 лет

В Эмиратах детям младше 15 лет запретили пользоваться соцсетями. Такое решение принял кабинет министров страны,…

АҚШ «НАТО 3.0» тұжырымдамасына көшуді ұсынды

АҚШ Еуропадағы америкалық әскерлердің болашақтағы орналасуын талдау үшін арнайы шолу бастады. Бұл туралы Брюссельде өткен…

Грекия реставраторлары Парфенонның батыс қасбетін қалпына келтірді

Грекия реставраторлары Парфенонның батыс фронтонын қалпына келтіріп, екі ғасырдан кейін алғаш рет толық көрініске қол…