Categories Қаржы

Volkswagen 50 мың жұмысшыны қысқарту жоспарын жүзеге асыруда

Сурет: РИА Новости

Volkswagen компаниясы 50 мың жұмыс орнын қысқарту жоспары бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Биыл көктемде концерннің директоры Оливер Блюме қайта құрылымдаудың алғашқы бағыттарын таныстырған еді. Қазіргі мақсат – 2030 жылға қарай әлемдегі ең тартымды автокөлік өндірушіге айналу және сатылымның рентабельділігін 8-10 пайыз деңгейінде ұстау.

Директордың айтуынша, компанияның жағдайы күрделі және шиеленісті, сондықтан концерн тиісті әрекет етуге міндетті.

«2026 жылы автомобиль өнеркәсібі үшін жағдайлар бұрынғыдан да күрделене түсті. Ондаған жылдар бойы табысты болған бизнес-моделіміз бүгінде жұмыс істемейді. Біз оны жаңартуымыз керек», – деді Оливер Блюме акционерлермен онлайн кездесуде.

Негізгі бренд аясында 35 мың қызмет орны қысқартылады, нәтижесінде қызметкерлер саны 2026 жылдың соңына қарай 19 мың адамға азаяды. Блюменің айтуынша, 28 мың қызметкердің ерікті түрде жұмыстан шығуы туралы келісім жасалған. Германиядағы Volkswagen зауыттарының өндірістік шығындары 2025 жылы 20 пайыздан астам қысқарған.

Компания басшысы зауыттардың өндірістік көлемін азайту және артық қуаттарды қысқарту жоспарын растады. 2030 жылға дейін Еуропадағы зауыттардың өндірістік қуатын тағы 500 мың автокөлікке қысқарту көзделген. Бұл – 2028 жылға дейін жүзеге асырылып жатқан 1 миллион автокөлікке арналған қысқартуға қосымша шара. Қытайдағы кәсіпорындарда да осындай қысқарту жоспарланған, бірақ Блюме нақты шараларды айтпады.

Бұған дейін Volkswagen 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы таза пайдасы 28,4 пайызға азайып, 1,56 миллиард еуро болғанын хабарлаған. Компания Қытай мен АҚШ нарығындағы әлсіз сатылымнан зардап шегіп, әлемдік жеткізілім көлемі 2,05 миллион автокөлікке дейін төмендеген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 пайызға аз. Жеткізілімдердің төмендеуі негізінен Қытай мен Солтүстік Америкада байқалды, ал Еуропадағы өсім бұл құлдыраудың орнын толтыра алмады.

Ұқсас жазбалар

Шетелдік компанияның зауыты ашылады

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин «Valmont Industries» компаниясының вице-президенті Филипп Шмидт-Хольцманмен кездесіп, Қазақстанда суару машиналарын құрастыру…

Ұлттық банк төрағасы теңге бағамының әлсіреуіне негіз жоқ деп мәлімдеді

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңге бағамының әлсіреуіне негіз жоқ деп мәлімдеді. Ол базалық мөлшерлеменің…

Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, мамыр айында 147,7 мың автокөлік есепке алынған. Жалпы елімізде 6 миллионға…