Categories Қаржы

Михаил Шайдоров пен Надежда Морозоваға сыйақы бөлінді

Сурет: ҰОК

Үкімет 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Михаил Шайдоров пен конькиші Надежда Морозоваға, сондай-ақ олардың жаттықтырушыларына ақшалай сыйақы бөлу туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет резервінен бөлінген қаражат екі спортшы мен бес жаттықтырушыға беріледі. Жалпы төлем көлемі 250 миллион теңгеден асады.

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров алтын медалі үшін 250 мың АҚШ доллары (шамамен 122,3 млн теңге) алады. Ал конькимен жүгіруден алтыншы орын алған Надежда Морозова 5 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақыға ие болады.

Спортшылардың бас жаттықтырушысы, жеке жаттықтырушылары және алғашқы бапкерлері де ақшалай сыйақы алады.

Сонымен қатар Олимпиада жүлдегерлеріне жергілікті атқарушы органдар тарапынан қосымша қолдау көрсетіледі. Әкімдіктер спортшыларға жергілікті коммуналдық тұрғын үй қорынан тегін пәтерлер береді, — деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.

Мамыр айында Михаил Шайдоров бес ай бойы жалақы алмағанын мәлімдеген. Кейін Туризм және спорт министрлігі түсініктеме беріп, спортшыға жаңа келісімшарт ұсынылғанын хабарлаған. Осыдан соң Шайдоров 30 жас спортшының әрқайсысына 200 мың теңгелік сертификат табыс еткен.

Бұған дейін шахматшы Бибісара Асаубаева да қаржыландырудың қысқаруына қатысты мәселе көтерген. Министрлік 2026 жылы оның дайындығына 210 миллион теңге бөлінгенін мәлімдеген.

Ұқсас жазбалар

Астанада 16 мыңнан астам түлек аттестат алды

Астанада 16 мыңнан астам түлек аттестат алды. 1 202 оқушы үздік аттестат, 650 түлек «Алтын…

Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді: тиімді бағамен отандық өнімдер

Астана тұрғындары мен қонақтары алдағы демалыс күндері өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде отандық өнімдерді тиімді бағамен…

ChatGPT және AliExpress Қазақстан бюджетіне салық төледі

ChatGPT пен AliExpress компаниялары Қазақстан бюджетіне қосымша салық төледі. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма…