Categories Қоғам

Ерекше қажеттілігі бар талапкерлерге ҰБТ-да қандай жағдай жасалған?

Сурет: ті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, 2026 жылы негізгі ҰБТ-ға ерекше білім беру қажеттілігі бар 592 талапкер қатысуда. Оның ішінде 201-і көру қабілетінде ақауы бар, 306-сы естуі нашар, 86-сы тірек-қимыл аппараты бұзылған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық тестілеу орталығының өкілі бұл санаттағы талапкерлерге қосымша 40 минут уақыт берілетінін, ал көру қабілеті нашар балаларға сызбасыз және диаграммасыз сұрақтар әзірленгенін айтты. Орталық мәліметінде: «Талапкерлердің, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар жандардың тестілеуді ыңғайлы тапсыруы үшін әртүрлі шаралар қабылдауды жалғастырады. Өткен жылдардағыдай, биыл да ҰБТ-да ерекше білім беру қажеттілігі бар талапкерлерге қосымша 40 минут уақыт беріледі. Сонымен қатар көру қабілеті нашар балаларға сызба және диаграммаларсыз сұрақтар әзірленді», делінген.

Статистика бойынша, мүмкіндігі шектеулі балалардың тестілеуге қатысу саны артып келеді. 2021 жылы ҰБТ-ға 90 бала қатысса, 2022 жылдан бері 500-ден аса адам тестілеуден өту мүмкіндігіне ие болды.

Талапкер Ясмин Хамраева: «Маған ҰБТ-ны көпшілікпен бірге, тең жағдайда тапсырудың маңызы өте зор болды. Өйткені бұл өзіңнің де өзгелермен бірдей мүмкіндікке ие екеніңді сезінуге септеседі. Денсаулығыңдағы әлдебір шектеулер мақсатыңа жетуге кедергі болмауға тиіс», деді.

Қажет болған жағдайда ерекше білім беру сұранысы бар түсушілерге ҰБТ-да пән мұғалімі емес көмекшілер ұсынылады.

Ұқсас жазбалар

Жаңа конституциялық өзгерістер жұмысшылар құқығын қорғауды күшейтті

Конституцияға енгізілген өзгерістер жұмысшылардың әлеуметтік кепілдіктерін нақтылап, заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.

Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда

Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы күресті жалғастыруда, — деп хабарлайды Polisia.kz. — 2026 жылдың…

Астанадағы №99 мектепте смарт сынып ашылды

Астанадағы №99 мектепте смарт сынып ашылды. Мұнда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект оқу процесіне енгізілген.