Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған өңірлік орталығы құрылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен БҰҰ арасындағы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды. Бұл құжат Қазақстанда БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құруды көздейді.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

