Categories Спорт

Жазғы Универсиада: Қазақстан қоржынына тағы үш медаль түсті

Фото: ҰОК

ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада таеквондодан Қазақстан қоржынына тағы үш медаль түсті.

Дүниежүзілік додада дзюдодан қола үшін белдесуде Аман Бақытжан (60 келі) сынға түсіп, грузиялық балуан Лука Модебадзені жеңді.

Сондай-ақ Нұрқанат Серікбаев (66 келі) украиналық Микита Холобородконы қапы қалдырып, үздік үштіктен көрінді.

Ал еліміздің таеквондодан аралас құрамасы Универсиада ойындарының қола жүлдегері болды. Құрама сапында Бейбарыс Қабылан, Самирхон Абабакиров, Айдана Сүндетбай және Назым Махмудова сынға түсті.

Қазірге дейін ел құрамасынан таэквондошы Самирхон Абабакиров алтын алса, Дамир Шүленов, Тамирлан Тілеулес, Батырхан Төлеуғали, Бейбарыс Каблан және Нодира Ахмедова қола жүлдегер атанды. Оған қоса көркем гимнастикадан Айбота Ертайқызы үздік үштіктен көрінді.

Байрақты бәсекеде ел намысын 12 спорт түрі бойынша 76 спортшы қорғайды.

Дүниежүзілік дода 16-27 шілде аралығында Германияның Рейн-Рур өңірінде өтеді.

Айта кетейік, 2023 жылы Қытайдың Чэнду қаласында өткен ХХХІ жазғы Универсиадада Қазақстан құрамасы 2 алтын, 7 күміс, 11 қола медаль жеңіп алды. Ең жоғары нәтиже 2013 жылы Қазан қаласында өткен Универсиадада тіркелді. Мұнда спортшылар 30 медаль еншілеген болатын.

Ұқсас жазбалар

Алғашқы күнді жеңіспен аяқтады

Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалары UAE SWAT Challenge (Дубай, БАӘ) халықаралық турнирінің бірінші күнін жеңіспен…

ЖСДП партияның бастауыш ұйымдары өкілдерінің қатысуымен Конституциялық реформаға арналған талқылау өткізді

Жиынға Ақмола және Қарағанды облыстарынан, сондай-ақ Астана қаласынан бастауыш партия ұйымдарының өкілдері қатысты. Іс-шараның негізгі…

Жеті әскер спортшысы Италияда өтетін қысқы Олимпиадада ел намысын қорғайды

2026 жылдың 6–22 ақпаны аралығында Миланда Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының әскери қызметшілері Қысқы…