Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстан мен Иран көлік дәліздерін дамыту жұмыстарын жеделдету туралы келісімге келді. Бұл жылына жүк өткізу көлемін 20 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жақын арада Қазақстанға Бендер-Аббас портындағы бір учаске беріледі. Иран тарапы Чабахар портында жұмыс істеуге мүмкіндік ұсынады. Бұл порт арқылы Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия нарығына тікелей шығуға болады.
Өз кезегінде Қазақстан болашақта Иранға Ақтау және Құрық порттарындағы аумақтарды, айлақтар мен терминалдарды пайдалануға беруді жоспарлап отыр.
Бұл мәселелер Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин мен Иранның жолдар және қала құрылысы министрі Фарзане Садек арасындағы келіссөздерде талқыланды.

