Categories Қаржы

Жаз соңына дейін ҚТЖ пойыздары спутниктік интернетпен қамтылады

Сурет: biletik.aero

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы жаз маусымының аяғына дейін жолаушылар пойыздарының негізгі бағыттарын спутниктік интернетпен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Бұл туралы компания басқарма төрағасының орынбасары Ануар Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, жолаушылар үшін тұрақты байланысқа қол жеткізу маңызды мәселе болып қала береді. 2025 жылы ҚТЖ бірнеше орбиталық спутниктік жүйелерді пайдаланып, екі пилоттық жобаны іске асырған. Компания Eutelsat OneWeb және Starlink технологияларын пайдаланып, Астана – Алматы және Астана – Өскемен бағыттарында байланыс сапасы мен техникалық мүмкіндіктерін сынақтан өткізді.

Сынақ нәтижелері мұндай қызметті тұрақты түрде ұсынуға мүмкіндік бар екенін көрсетті. Ануар Ахметжановтың айтуынша, алдымен ең сұранысқа ие пойыздар таңдалып, жолаушылардың басым бөлігі жаңа қызметті пайдаланып көре алады. Компания жаздың соңына дейін негізгі бағыттарды спутниктік интернетпен қамтуды көздеп отыр.

Қазіргі уақытта интернетке қолжетімділік «Нұрлы жол – Семей» бағыты бойынша іске қосылған. Сонымен қатар терминалдар келесі бағыттардағы пойыздарға орнатылып жатыр.

Ұқсас жазбалар

Air Astana экс-басшысы Питер Фостер жүк тасымалдау компаниясының директоры болды

Air Astana әуе компаниясын 21 жыл басқарған Питер Фостер отандық жүк тасымалдау әуе компаниясының тәуелсіз…

Қазақстан халықаралық банктерден 470 миллиард теңгеден астам қарыз алады

Парламент Мәжілісі республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз алу туралы келісімдерді ратификациялады.

Елімізде бес айда 3 мыңнан астам есірткі қылмысы анықталды

2026 жылдың бес айында Қазақстанда 3 мыңнан астам есірткіге қатысты құқықбұзушылықтың жолы кесілді.